Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қыркүйек, 2025
- 698
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгеріп, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің солтүстік жартысында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ұласуы ықтимал.
Ал оңтүстік өңірлерде оңтүстік циклонның ықпалымен найзағайлы жаңбыр болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі болжанып отыр.
28 қыркүйектен бастап суық антициклонның енуімен солтүстік аймақтарда, кейінірек оның оңтүстікке қарай жылжуына байланысты бүкіл елде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Аймақтар бойынша болжам:
Батыс өңірлерде түнде +3…+8 °C, күндіз +10…+18 °C-тан +13…+22 °C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-батыста түнде +10…+15 °C-тан +7…+12 °C-қа дейін төмендеп, күндіз +13…+18 °C-тан +18…+23 °C-қа дейін жылы болады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +3…+13 °C-тан –1…–6 °C-қа дейін суытады, күндіз +10…+15 °C-тан +3…+10 °C-қа дейін төмендейді.
Павлодар облысы мен орталықта түнде +5…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+28 °C-тан +7…+18 °C-қа дейін түседі.
Шығыста түнде +2…+10 °C-тан +7…+15 °C аралығында құбылады, күндіз +25…+30 °C-тан +20…+25 °C-қа дейін төмендейді. Өңірдің солтүстігінде +10…+15 °C болады.
Оңтүстік өңірлерде түнде +9…+18 °C-тан +5…+13 °C-қа дейін түсіп, күндіз +22…+32 °C-тан +15…+28 °C-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік-шығыста түнде +10…+15 °C, таулы жерлерде 0…+5 °C, ал күндіз +23…+30 °C, таулы аймақтарда +15…+20 °C күтіледі.
Мамандар алдағы күндері қалың киім киіп, ауа райына сай сақтық шараларын жасауға кеңес береді.





