Алматы облысында 950 мың м³ құмды пайдалануға қатысты дауға нүкте қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қыркүйек, 2025
- 344
2023 жылы облыстың уәкілетті органы (КИИДБ) міндеттемелерді орындамауына байланысты "У" ЖШС-мен жасалған құрылыс құмын өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ауданы 9 га учаскедегі жер қойнауының қоры 950 мың м3 құмды құрайды, нарықтық құны шамамен 3 млрд теңге.
2024 жылы тараптардың келісімі бойынша сот аталған келісімшарттың қолданылуын қайта бастауды көздейтін бітімгершілік келісімді бекітті.
Облыс прокуратурасының уақтылы араласуының нәтижесінде бұл әрекет апелляциялық тәртіппен тоқтатылды.
Жоғары тұрған сот бірінші сатыдағы ұйғарымның күшін жоя отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта бастау немесе ұзарту тек қана заңнамада белгіленген рәсімдер шеңберінде құзыретті органның - облыс әкімдігінің шешімі бойынша мүмкін болатынын көрсетті.
Осылайша, заңдылық қағидатын сақтау және жер қойнауын пайдалануды реттеу мәселелеріндегі уәкілетті органдардың айрықша құзыреті қалпына келтірілді.






