жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы тауларының бірінде: жасөспірімнің үстіне тас құлап кеткен

Алматы тауларының бірінде: жасөспірімнің үстіне тас құлап кеткен
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматыда таудан төмен түсіп келе жатқанда жасөспірімнің үстіне тас құлап кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға Медеу ауданындағы Титов шыңы маңында, теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте болған. Үш бала ересек адамның жетектеуімен тауға көтерілген. Алайда кері түсу кезінде олардың біріне тас тиген. 2009 жылы туған жасөспірімнің білегі ашық сынып кеткені анықталды.

«Жасөспірім есін білетін, өздігінен жүре алатын жағдайда болды. Құтқарушылар зардап шеккен баланы іздестіру-құтқару бекетіне жеткізіп, ТЖМ-нің Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Баланың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тастақты аймақтарда абай болуға, көшкін қаупі бар жерлерден аулақ жүруге және үстіңізде адамдар жүрген кезде олардың астымен өтпеуге кеңес береді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар