Елімізде

Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам заң бұзушылық тоқтатылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласында 1 сәуірден бастап жол жағдайын тұрақтандыруға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге бағытталған “STOP бұзушылық” ауқымды ЖПІШ өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның алғашқы күні жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 2 200-ден астам дерегі анықталды. Негізгі назар өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесуге аударылды. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу фактілері тіркелді.

Электр самокаттарын пайдалануды бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Бір тәулік ішінде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың басқару жағдайлары бар. Нәтижесінде ата-аналарға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар арнайы айып тұрағына мыңға жуық көлік құралы қойылды.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, басты мақсат – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жолдарда қауіпсіз орта мен тәртіп қалыптастыру.