Алматылық полицейлер 24 келіден астам қарасораны тәркіледі
Сараптама қорытындысы бойынша алынған есірткі затының жалпы салмағы 24 келі 680 грамды құрады.
Алматыда полицейлер 24 келіден астам қарасораны тәркіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласында "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі.
Экологиялық бекетте полицейлер 59 жастағы қала тұрғыны басқарған Toyota автокөлігін тоқтатты. Кейін Наурызбай ауданындағы оның тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында үй ауласынан 13 түп қарасора анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша алынған есірткі затының жалпы салмағы 24 келі 680 грамды құрады.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.