жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аптаптың беті қайтады: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Аптаптың беті қайтады: алдағы күндері ауа райы қандай болады
Pixabay.com
Шілде айының алғашқы аптасы Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстықпен басталды. Әсіресе оңтүстік өңірде күндізгі ауа температурасы +40…+45°C-қа дейін көтеріліп, тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық тудырды.

Алайда синоптиктер 10 шілдеден бастап ауа температурасы төмендей бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдағы күндері шілденің аптап ыстығы бәсеңдеп, еліміздің кейбір өңірлерінде салқын ауа мен жауын-шашын байқалуы мүмкін. «Қазгидромет» және халықаралық метеоқызметтердің деректеріне сүйене отырып, 9–10 шілде аралығындағы еліміздегі ауа райының жалпы көрінісін ұсынамыз.

Тараз

Жамбыл облысының орталығында аптап ыстық сәл бәсеңдейді.

9 шілде: күн ашық, +33 °C.

10 шілде: салыстырмалы түрде салқын ауа райы күтіледі, +27 °C.

11 шілде: күн ашық, күндіз +28 °C.

Астана

Елордада күн бұлттанып, жауын-шашын жаууы мүмкін.

9 шілде: күн бұлтты, +24 °C.

10 шілде: жаңбыр жаууы мүмкін, +25 °C.

11 шілде: найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, +28 °C.

Алматы

Алматыда аптап ыстықтан кейін найзағайлы жауын-шашын күтіледі.

9 шілде: күн бұлтты, +28 °C.

10 шілде: күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, +26 °C.

11 шілде: нөсер жауын күтілуде, +26 °C.

Шымкент

Аптап ыстықтың беті біртіндеп қайтады.

9 шілде: күн ашық, +34 °C.

10 шілде: салыстырмалы түрде салқын ауа райы күтіледі, +29 °C.

11 шілде: күн ашық, +32 °C.

Түркістан

Аптап ыстық сақталады деп күтілуде. Дегенмен ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін.

9 шілде: күн ашық, +34 °C.

10 шілде: күн бұлтты, +29 °C.

11 шілде: күн ашық, +32 °C.

Қарағанды

Орталық аймақтарда күн бұлттанып, жаңбыр жаууы мүмкін.

9 шілде: бұлтты, +23 °C.

10 шілде: жауын-шашынсыз, +24 °C.

11 шілде: өткінші жаңбыр, +26 °C.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар