Қар жауып, боран соғады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Алдағы кезеңде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде циклондардың ықпалы сезіліп, жауын-шашын мен температуралық ауытқулар күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әсіресе кезеңнің алғашқы жартысында қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың орын алу ықтималдығы жоғары.