Қар жауып, боран соғады: Ертең елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 ақпанға арналған Қазақстан бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік және орталық аймақтарында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Батыс пен оңтүстікте аралас жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түсіп, боран соғып, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін.
Ал шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі мен тұман түсуі ықтимал.