жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда прокуратураның араласуымен мұқтаж жандарға 298 пәтер берілді

Қарағандыда прокуратураның араласуымен мұқтаж жандарға 298 пәтер берілді
istockphoto.com
Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін пәтерлерді сатып алу заңдылығын тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қадағалау шаралары барысында бірқатар заң бұзушылықтары анықталды. Сапасы сәйкес келмейтін пәтерлер сатып алынып, оларды бөлу процесі кешіктірілген. Бюджетке 50 миллион теңгеден асатын жалдау төлемдері түспеген. Иесі жоқ 417 пәтерге қатысты тиісті шара қабылданбаған. Тұрғын үй беру тәртібінің бұзылуы салдарынан 144 жетім бала есепке алынбаған. 

Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес ұзақ уақыт бойы баспана күткен азаматтарға 298 пәтер берілді. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар алды. 

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар