Елімізде
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қазан, 2025
- 293
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Министрліктің дерегінше, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол өткен жылғы деректермен салыстырғанда өсу қарқыны 116 пайызды немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3 пайызға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.
«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.






