Елімізде

Астанада ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталады

Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді

 

Мемлекет басшысының елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.