Елімізде

Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

SCAT әуе компаниясы Астанадан Сербия астанасы Белградқа тікелей қатынайтын жаңа рейстерді іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді Астана – Белград – Астана бағытындағы ұшақтар:

дүйсенбі және бейсенбі күндері,

Boeing 737 ұшағымен ұшады.

Ұшу уақыты – 5 сағат 40 минут. Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады.

6 қарашадағы билет бағасы 127 837 теңгеден басталады.