Елімізде
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
- 224
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды. Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.
Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасы жөнінде әңгімеледі.






