Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен сөйлесті
Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланған.
Тараптар Мәскеуде өтетін келіссөздердің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Әңгіме барысында сонымен қатар әлемдік ахуалдың бірқатар өзекті аспектілері сөз болғаны айтылды.