Атырау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген
Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді
Атырауда полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады, деп хабарлайды
Polisia.kz. жазғандай, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора - 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан Индер ауданының тұрғынын ұстады.