Ауа райы: алдағы үш күн бойы жаңбыр жауып, үсік жүреді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қыркүйек, 2025
- 2.9k
Қазгидромет таратқан мәліметке сүйенсек, 18-20 қыркүйек аралығында еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Батыс пен солтүстік-батыстан басқа аймақтардың бәрінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. 18 және 20 қыркүйекте солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде қатты жауын-шашын күтіліп, дауылды жел соғады, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.
«Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіне әсерін жалғастыруда», – деп мәлімдеді синоптиктер.
ААуа температурасының болжамы:
Батыста: түнде +10...+18, күндіз +18...+23;
Солтүстік-батыста: түнде +1...+10, күндіз +18...+25;
Солтүстікте: түнде +2...+10, күндіз +17...+23;
Орталықта: түнде 0...+8, күндіз +15...+25;
Шығыста: түнде +2...+13, күндіз +10...+18;
Оңтүстікте: түнде +7...+15, күндіз +20...+28;
Оңтүстік-шығыста: түнде +8...+14, күндіз +15...+25.






