«Ауру малдың еті сатылған»: Астанадағы жағдайға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Аталған мәлімет әлеуметтік желіде таралған еді
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астана қаласы «Әлем» сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы орайда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті азаматтарды тек ресми дереккөздерге, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараттарына сенуге шақырады.