Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2026 жылдың басынан бері ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексерулердің қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.