Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсетті
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық деңгейге жетті.
Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды, ал қызметтер өндірісі 5,2%-ды құрады. Негізгі драйверлер көрсеткіштері төмендегідей болды:
көлік – +22,5%,
құрылыс – +18,5%,
сауда – +8,6%,
тау-кен өнеркәсібі – +8,5%,
өңдеу секторы – +6,1%.