Бүгінде халқы миллионнан асқан жеті өңір бар
1 қазанға дейінгі дерекке сәйкес, елімізде тұрғындар саны 20 445 231 адамға жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл — жыл басынан бері 161 832 адамға көп. Оның 151 632-сі табиғи өсімнің, ал 10 200-і көші-қонның есебінен артқан.
Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Бүгінде халқы миллионнан асқан жеті өңір бар:
• Алматы қаласы – 2 337 023 адам
• Түркістан облысы – 2 148 207
• Астана қаласы – 1 612 512
• Алматы облысы – 1 586 875
• Шымкент қаласы – 1 286 087
• Жамбыл облысы – 1 216 849
• Қарағанды облысы – 1 131 818
Жалпы алғанда, елімізде халық санының өсімі тұрақты қарқынмен жалғасуда.
Келесі мақала
Биыл елімізде 850 мың тонна қант қызылшасы жиналады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Енді ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 30 сәуір, 2026






