Елімізде
Қазақстан мен Иран Президенттері құттықтау хат алмасты
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026
- 1
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына жәнебауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.
Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026




