Елімізде

Қазақстанда 300-ден астам адам қатысқан есірткі схемасы әшкереленді

Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберген. 

Сонымен қатар осындай тәсілдер еліміздің басқа өңірлерінде тергеп-тексеруде қолданылған. Атап айтқанда, Ұлытау мен Маңғыстау облысының арнайы прокурорлары бастаған жедел-тергеу топтары синтетикалық есірткі сатуға әлеуметтік желілерді пайдаланатын есірткі сатушылардың екі таралған желісінің қызметін әшкереледі. 

Қазіргі таңда еліміздің құқық қорғау және арнаулы органдары азаматтардың құқықтарын қорғау және тыныштығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.