Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады
Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 тамызда батыс және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда солтүстікте қатты жаңбыр болады.
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, алдағы күндері еліміздің аумағына солтүстік-батыс бағытынан жылжып келе жатқан циклон ықпал етуді жалғастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның әсерінен батыстан шығысқа қарай ауыспалы бұлтты, найзағайлы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ жаууы және екпінді желдің күшеюі ықтимал.