Елімізде

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.