жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жол қозғалысын автоматты бақылау жүйесі күшейтілуде

Қазақстанда жол қозғалысын автоматты бақылау жүйесі күшейтілуде
istockphoto.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда жол-қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, қалаларда автоматты түрде бақылау жасайтын 25 мыңнан астам камера орнатылған. Олар ЖҚЕ-ні бұзу деректерінің 70%-дан астамын тіркейді. Қала сыртындағы трассаларда патруль жасайтын автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталуда. 

«Сонымен қатар, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықтың сақталуына автоматты түрде бақылау енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып жатымыз», — деді Игорь Лепеха.

Орташа жылдамдықты бақылау шараларымен жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автомобиль жолы қамтылған, нәтижесінде ЖКО-да қаза тапқандар саны 11%-ға азайды. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеге орташа жылдамдықты бақылау енгізу жоспарлануда.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар