жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарға медициналық сақтандырудан айырылу қаупі туралы SMS ескертулер жіберілуде

Қазақстандықтарға медициналық сақтандырудан айырылу қаупі туралы SMS ескертулер жіберілуде
istockphoto.com
Қазақстандықтарға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін жоғалту қаупі туралы 1414 нөмірінен SMS хабарламалар келе бастады. Ескертулер жарнаны маусым айында соңғы рет төлеген азаматтарға жолданған.

Елімізде азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін жоғалту қаупі туралы 1414 нөмірінен SMS хабарламалар жіберіле бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қыркүйекте алғашқы ескертулер сақтандыру мәртебесін қазанда жоғалтуы мүмкін адамдарға жолданған. Бұл – соңғы рет маусым айында ОСМС жарнасын төлеген азаматтар.

Медициналық сақтандыру жарнасын уақытылы төлемегендер үш ай бойы шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Бірақ бұл аралықтағы төлемдерді өтеу міндеті сақталады.

Өз мәртебеңізді тексеру үшін:

ФСМС ресми сайтына кіріңіз,

Qoldau 24/7 қосымшасын пайдаланыңыз,

Telegram-бот — SaqtandyryBot,

eGov Mobile, Damumed,

сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары арқылы да тексеруге болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар