бейсенбі, 9 сәуір, 2026 15:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауады - синоптиктер

Қазақстанның бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауады - синоптиктер
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі.

Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,

күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар