2026 жылғы 24 ақпанда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы мамандардан қосымша ақпарат алуға болады.
Келесі мақала






