жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО құтқарушыларына жаңа техникалардың кілті табыс етілді

БҚО құтқарушыларына жаңа техникалардың кілті табыс етілді
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар қызметі жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасымен толықты. Салтанатты шара Орал қаласында өтіп, оған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Шара Орал қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен өтті. Жаңа техниканың кілттері аудандық бөлімшелердің құтқарушыларына табысталды.

 «Біздің құрметті Президентіміздің, Үкіметтің және облыс басшылығының қолдауының арқасында ведомствоның материалдық-техникалық жарақтандырылуы айтарлықтай жақсаруда. Жуырда министрлік өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті, бірқатар құтқарушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл бізге деген жоғары сенімнің белгісі. Мемлекет басшысы біздің жұмысымызға жоғары баға беріп, қарқынды бәсеңдетпеуді тапсырды. Біз алға қойылған міндеттерді адал орындап, жүйені әрі қарай дамытатын боламыз», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Жеткізілген техниканың құрамына өтімділігі жоғары өрт сөндіру автоцистерналары, сорғы-жеңқұбыр автомобильдері, жедел қызмет машиналары, сондай-ақ су айдындарындағы жұмысқа арналған жаңа құтқару катері кірді. Техниканы таңдау барысында өңірдің ерекшеліктері, климаттық жағдайы және құтқарушылардың бірыңғайландыруға қатысты қажеттіліктері ескерілді. Бұл өз кезегінде шақыруларға ден қою жылдамдығын, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін және қауіпсіздік деңгейін халық үшін де, ТЖМ қызметкерлерінің өздері үшін де айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар