БҚО құтқарушыларына жаңа техникалардың кілті табыс етілді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар қызметі жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасымен толықты. Салтанатты шара Орал қаласында өтіп, оған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Шара Орал қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен өтті. Жаңа техниканың кілттері аудандық бөлімшелердің құтқарушыларына табысталды.
Жеткізілген техниканың құрамына өтімділігі жоғары өрт сөндіру автоцистерналары, сорғы-жеңқұбыр автомобильдері, жедел қызмет машиналары, сондай-ақ су айдындарындағы жұмысқа арналған жаңа құтқару катері кірді. Техниканы таңдау барысында өңірдің ерекшеліктері, климаттық жағдайы және құтқарушылардың бірыңғайландыруға қатысты қажеттіліктері ескерілді. Бұл өз кезегінде шақыруларға ден қою жылдамдығын, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін және қауіпсіздік деңгейін халық үшін де, ТЖМ қызметкерлерінің өздері үшін де айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.