Бұршақ, жаңбыр, жел: алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 шілде, 2025
- 848
15–17 шілде аралығында еліміздің басым бөлігінде күн күрт ысып, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 16 шілдеде батыс пен солтүстікте жаңбыр күшейіп, кей жерлерде бұршақ пен дауылды жел болуы ықтимал. Көптеген өңірде желдің екпіні артып, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы бүкіл ел аумағында +30 градустан жоғары болмақ. Солтүстікте +35 градусқа дейін ысиды, шығыста +38 градусқа дейін көтеріледі. Ал кезең соңында республиканың орталығында 40 градусқа дейін аптап болуы мүмкін.
16 және 17 шілде күндері еліміздің оңтүстік-батысында +39...+44°С аптап тіркеледі. Ал оңтүстікте үш күн қатарынан 40 градустық ыстық сақталады.






