жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бақыт құшағында»: Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған жаңа мюзикл-фильм көрерменге жол тартады

«Бақыт құшағында»: Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған жаңа мюзикл-фильм көрерменге жол тартады
Ашық дереккөз
Бұл туынды қазақтың ұлы композиторы, халық жүрегінде әндерімен мәңгілікке қалған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай түсірілген.

2025 жылдың 23 қазанынан бастап қазақстандық кинотеатрларда «Бақыт құшағында» атты жаңа жанрдағы мюзикл-фильм көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Фильмнің бас продюсері әрі режиссері – New York Film Academy түлегі Санат Шапашов. Оның айтуынша, арнайы осы жоба үшін Шәмші Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестрдің сүйемелімен қайта жазылып, фильмнің саундтрегі ретінде қолданылады. Бұл – режиссердің кино саласындағы алғашқы толықметражды жұмысы. Бұған дейін ол түрлі музыкалық жобалармен және «Казахи» КВН командасының мүшесі ретінде танылған болатын.

Жобаға композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау білдірген. Фильмді түсіру барысында Голливудте кеңінен қолданылатын заманауи техника пайдаланылған. Барлық эпизод қазақ тілінде, Астананың әсем көріністерінде түсірілді.

Айрықша атап өтерлігі, бір ғана сахнаға 230-ға жуық актер қатысқан. Бұл көріністерде Шәмші әндеріне қойылған би эпизодтары орындалды. Сонымен қатар, бір мезетте 80-ге жуық адам тартылған жаппай көріністер де бар. Фильмнің би қойылымдарын арнайы хореограф бір ай бойы дайындаған.

Картинаның негізгі мазмұны – қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының өмірі мен таңдауы, сонымен бірге махаббат пен достық құндылықтары. Фильмде анаға құрмет, отбасының беріктігі, адалдық пен шынайылық сияқты идеялар да көрініс табады.

Басты рөлдерді белгілі актерлер Дәурен Серғазин, бес жылдық үзілістен кейін үлкен экранға қайта оралған Әлия Әнуарбек, сондай-ақ Шахмұрат Ордабаев, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева мен Айнұр Ильясова сомдайды.

Жаңа музыкалық фильм қазақстандық көрермен үшін өнердің жаңа қырын таныстырып, ұлттық кинематографияға тың серпін беретіні сөзсіз.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар