жұма, 17 сәуір, 2026 11:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда
Фото: Ақәділ Рысмахан
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары.

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.

Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар