Елімізде

Дәрігерлер салмағы небәрі 742 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды

Қазір сәбидің дүниеге келгеніне 74 күн болды

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының мамандары жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген, салмағы бар-жоғы 742 грамм болатын нәрестені өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр. Қазір сәбиге 74 күн болды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар орталық дәрігерлері биылдың өзінде 1 килограммнан төмен салмақпен туған 43 нәрестенің өмірін сақтап қалғанын атап өтті.