жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МӘМС-ке сенім артып келеді - Жетібаева

МӘМС-ке сенім артып келеді - Жетібаева
Ашық дереккөз
Қалалық мәслихат депутаты Жолдауға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» аттыЖолдауында медициналық қоғамдастыққа ерекшетоқталып, ақ халатты абзал жандардың қоғамдағымәртебесін арттыру – басты басымдықтардың біріекенін ашық мәлімдеді.

Президент: «Елімізде дәрігердің мәртебесінкөтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақтышаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыс өзжалғасын табады», – деп, медицина қызметкерлерінің еңбегіне берілетін бағаныңмаңызын тағы бір мәрте атап өтті. Бұл сөздер – бүгінгі таңда үздіксіз еңбек етіп, күн-түн демейадам өмірі үшін күресіп жүрген мыңдаған дәрігергеүлкен демеу, болашаққа деген сенімнің нышаныіспеттес.

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласынаерекше серпін беріліп келеді. Ауылдық жерлергежас мамандарды тарту, дәрігерлердің жалақысынкезең-кезеңімен көтеру, медициналықинфрақұрылымды жаңарту – барлығы нақты қолғаалынған бастамалар. Енді бұл жұмыстар жүйелітүрде жалғасып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті қолдану арқылы жаңа деңгейгекөтерілуі тиіс.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу үшін жаңа жүйе құру міндетін қойды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі базасында «Мониторинг» модулі іске қосылды. Бұрын стационарлық және амбулаторлық көмек жеке-жеке бағаланса, жаңа жүйе пациенттің емханаға қаралуынан бастап стационарға жатқызылуына дейінгі медициналық көмек жолын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Президент Жолдауында көрсетілгендей, медициналық мекемелерде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен енгізу – дәрігердің жұмысын жеңілдетіп, оның кәсібиәлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады.

Жолдау – бұл бағдар ғана емес, сенім. Ал дәрігерлерге артылған сенім – еліміздің ертеңінебағытталған үміт. Сондықтан біз, медицина қызметкерлері, Мемлекет басшысының бұлбастамаларын толық қолдай отырып, дені сау ұлтқалыптастыру жолында еселі еңбек етуге әзірміз.

 

Дүйсенкүл Керімқұлова, 

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар