Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді
Қазақстанда демалыс күндері күн ашық болып, кей өңірлерде +20 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазгидромет" мәліметінше, 18–20 қазан аралығында елдің көпшілік аумағында кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +15...+20 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте де күн жылы болады – шамамен +10 градус, алайда түнде аздап аяз күтіледі.
Тек солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда ғана ауа райы құбылып, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Бұл құбылыстар атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты.