Елімізде

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Бұл туралы Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

Биылғы жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мұндай деректерді Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты.

Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі.