Досжан Жұмақан – Азия ойындарының жеңімпазы
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Досжан Жұмақан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда отандасымыз ирандық Матин Чамипадан 3:2 есебімен басым түсті. Күрделі айқасқа толы жекпе-жекте Досжан мықтылығын дәлелдеп, қарсыласының шабуылдарын сәтті тойтарып, жеңісті жұлып алды.
Осылайша Досжан Жұмақан Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальды салды.