сейсенбі, 7 сәуір, 2026 11:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елде бағаға қойылған шектеулер алынып тасталмақ

Елде бағаға қойылған шектеулер алынып тасталмақ
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл өзгеріс монополиялық салалардан басқа бағыттарға қатысты болады.

Премьер-министр Олжас Бектенов баға мен тарифтерді еркін қалыптастыруға көшу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды., деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірге нарықтағы бағаға қойылған шектеулерді алып тастау жолдарын әзірлеуі тиіс. Бұл өзгеріс монополиялық салалардан басқа бағыттарға қатысты болады. Процесс тарифтерді ырықтандырумен қатар жүргізіледі. Тағы бір өзгеріс – дәрі-дәрмекті нарыққа шығару мерзімін қысқарту. Қазір бұл процесс 3–5 жылға созылса, енді оны 100 жұмыс күніне дейін азайту көзделген. 

Айта кетейік, бұған дейін елде тарифтер мен жанар-жағармай бағасына қойылған шектеулер 2026 жылдың сәуірінен күшін жойды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар