Елде теміржол вокзалдарын жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама іске асуда
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:00
- 42
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында облыс орталықтарында, шағын қалалар мен елді мекендерде орналасқан 124 вокзал бір уақытта жаңартылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олардың көпшілігі кеңес дәуіріне дейін немесе кеңестік кезеңде салынған және соңғы 30–40 жылда күрделі жөндеуден өтпеген. Техникалық тексеру нәтижесінде кейбір вокзалдар апатты деп танылды. Мұндай ғимараттар бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа вокзал кешендері салынуда.
Бағдарлама аясында вокзал аумақтары кеңейтіліп, инженерлік жүйелер жаңартылады. Сондай-ақ қасбеттер мен ішкі көрініс, күту залдары мен жолаушылар платформалары жөнделеді. Санитарлық жағдай мен қауіпсіздік деңгейі де жақсартылады.
Жобаны іске асыру вокзалдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік қызметінің сапасын жақсартуға және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жөндеу жұмыстарын облыстық әкімдіктер таңдаған мердігер ұйымдар жүргізеді. Қаржыландыру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін жолаушылар заманауи күту залдарын, жаңартылған ақпараттық және навигациялық жүйелерді, сондай-ақ барлық азаматтарға қолайлы жағдайларды пайдалана алады.
Бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын қазіргі заманғы және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай ету.
ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан үш адамды құтқарды
Ұқсас жаңалықтар
Қолайсыз ауа райы: ТЖМ 242 адамды құтқарып, жүздеген жолаушыны эвакуациялады
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025





