Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды.