Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, елімізде жыл басынан бері коронавирус инфекциясының алты жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,3 есе төмен.
Қазақстанда SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг нәтижесінде Омикронның үш субнұсқасы таралып жатқаны анықталды: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – әрқайсысы 12,5%. Бұл Омикрон субнұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді, – деп атап өтті бас санитариялық дәрігер.
Айта кетерлігі, коронавирус инфекциясы COVID-19 бойынша да соңғы мониторинг деректеріне сәйкес, елімізде Омикронның үш субнұсқасы айналымда: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – 12,5%-ды құрайды. Аталған субнұсқалардың таралуы халық денсаулығына қосымша қауіп әкелмейді.
Қазіргі таңда COVID-19 негізінен жеңіл түрде өтуде. Науқастарды ауруханаға жатқызу талап етілмейді, ем амбулаториялық жағдайда жүргізіледі, - деді Сархат Бейсенова.





