Елімізде мал шаруашылығына 6% жеңілдетілген несие беріледі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды әзірледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды.
Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:
жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;
мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;
қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.