Елімізде мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Биылғы жылдың 24 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында ЭЫДҰ-ның мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуі жүргізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оған еліміз бойынша 1 мың білім беру ұйымдары мен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады.
Зерттеу дәстүрлі PISA әдістемесіне негізделген және оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар бұл зерттеу арқылы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.
Айта кету керек, «Мектептерге арналған PISA» зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Оған 2021-2024 жылдар аралығында еліміздің 3000-нан астам білім беру ұйымдары қатысты. Зерттеудің Қазақстандағы үйлестірушісі – А. Байтұрсынұлы атындағы ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы.