Елімізде
Елімізде педофилдерді қашан кастрациялайтыны белгілі болды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 қазан, 2025
- 799
Денсаулық сақтау министрлігі педофилдерге химиялық кастрация жасау тәртібін өзгертті. Ереже 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігі педофилия үшін сотталғандарға химиялық кастрация қолдану ережелеріне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тиісті бұйрық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасаған адамдарға химиялық кастрация бостандыққа шығарылуына алты ай қалғанда жүргізіледі.
Оған дейін колония әкімшілігі сотқа сотталған адамға сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін құжаттарды жолдауы қажет.
Министрлік түсіндіргендей, бұл шара есі дұрыс, бірақ психикалық ауытқуы бар тұлғаларға ғана қолданылады. Ал сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберілгендерге химиялық кастрация қолданылмайды.
Келесі мақала
Криштиану Роналду алғашқы миллиардер футболшы атанды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
"Артығымен есептелген": Жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






