жұма, 20 ақпан, 2026 18:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде қызылшаға қарсы иммундау күшейтілді

Елімізде қызылшаға қарсы иммундау күшейтілді
Ortcom.kz
Жыл басынан бері ел бойынша қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді.

Еліміздің 9 өңірінде: Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында аурудың өскені байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Аурудың көптеген жағдайлары 5 жасқа дейінгі балалар арасында (72%) тіркеледі, атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі балалар – 24%, 1 жастағы балалар – 23%, 2-4 жастағы балалар – 26%. Сырқаттанушылықтың 78%-да екпе алмаған адамдар арасында тіркелуде. Екпе алмай ауырған науқастардың 56%-ы екпеден бас тартқан адамдар, 14%-ы медициналық себептермен кейінге қалдырған адамдар, 30%-ы егу жасына жетпеген балалар», - деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде. 

«Аурудың артып отырғанын ескере отырып, 2025 жылғы қарашадан бастап вакциналардың қолда бар көлемі шеңберінде 6-11 айлық балаларды қосымша иммундау бойынша жұмыстар күшейтілді», - деді Комитет төрағасы. 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар