Елімізде қызылшаға қарсы иммундау күшейтілді
Жыл басынан бері ел бойынша қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді.
Еліміздің 9 өңірінде: Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында аурудың өскені байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде.