Еліміздегі базарларда Бірыңғай сауда стандарттары енгізілді
Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына және әкімшілік ықпал ету шараларына бақылау күшейтілді
ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев базарлар қызметін құқықтық реттеу бөлігінде бірқатар шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, сауда қызметтерінің Ұлттық стандарттары әзірленіп, енгізілді. Санитарлық, өртке қарсы, қала құрылысы, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік пен жайлылық талаптары сияқты барлық процестерге бірыңғай талаптар қойылды.
Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына және әкімшілік ықпал ету шараларына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарларға 11 жаңа талап қосылды. Бұл тексерулердің тиімділігін арттырады.