Елімізде

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2026 жылғы 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:13-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі Қазақстан аумағында әлсіз деңгейде сезілген.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 б.

Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 б.

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 б.

Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 2 б.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Сайрам ауылы, 2 б.

Шымкент қ. 2 б.

Түркістан облысы, Манкент ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 2 б.

Түркістан облысы Арыс қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы Тараз қаласы 2 б.

Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 б.

Т.Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 2 б.

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 2 б.

Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 2 б.

Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 б.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 б.

Түркістан облысы Кентау қаласы 2 б.

Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 б.

Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 б.

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.