Елімізде

Енді елімізде сот сараптамасы кезінде виртуалды аутопсия қолданылмақ

Сот сараптамасы саласындағы технологияның дамуы жағдайында виртуалды аутопсияны қолдану мүмкіндігі пайда болады

Қазақстанда сот сараптамасы кезінде виртуалды аутопсия қолданылмақ,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Виртуалды аутопсия - бұл дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология.  Ашық дереккөздерге сәйкес виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.